Thank you very much.
Үлкен рахмет.
I moved to America 12 years ago with my wife Terry and our two kids. Actually, truthfully, we moved to Los Angeles --
Америкаға 12 жыл бұрын әйелім Терри және екі баламмен көшіп келдім. Шындығында, Амарикаға көштік деп ойлап
(Laughter)
(Күлкі)
thinking we were moving to America, but anyway --
Лос-Анджелеске көшкен болып шықтық,
(Laughter)
(Күлкі)
It's a short plane ride from Los Angeles to America.
Бірақ, қалай болғанда да Лос-Анджелестен Америкаға дейін ұшу онша ұзақ емес.
(Laughter)
(Күлкі)
I got here 12 years ago, and when I got here, I was told various things, like, "Americans don't get irony."
Мұнда 12 жыл бұрын келдім, көшіп келген кезімде, маған, мысалы: «Америкалықтар әзіл түсінбейді» деген сияқты әртүрлі нәрселерді айтты.
(Laughter)
(Күлкі)
Have you come across this idea? It's not true. I've traveled the whole length and breadth of this country. I have found no evidence that Americans don't get irony. It's one of those cultural myths, like, "The British are reserved."
Сіздер мұны білесіздер ме? Бұл шындық емес Бүкіл әлемді шарладым да, америкалықтар әзілді түсінбейді дегенді айғақтайтын еш нәрсе кездестірмедім Мысалы, сондай бір мәдениетті аңыздардың бірі британдықтардың ұстамды екендігі туралы.
(Laughter)
(Күлкі)
I don't know why people think this. We've invaded every country we've encountered.
Неге бұлай ойлайтынын білмеймін. Өзімізге тиіп тұрған барлық елдерде болдық.
(Laughter)
(Күлкі)
But it's not true Americans don't get irony, but I just want you to know that that's what people are saying about you behind your back. You know, so when you leave living rooms in Europe, people say, thankfully, nobody was ironic in your presence.
Америкалықтар әзіл түсінбейді дегендері өтірік тек қана сіздердің сырттарыңыздан дәл солай дейтіндігін білгендеріңізді қалаймын. Білесіз бе, Еуропада сіз қонақ бөлмеден шығар кезіңізде, сізге: «Аллаға шүкір, сіз бар кезде ешкім келекелемеді» - деп айтады
(Laughter)
(Күлкі)
But I knew that Americans get irony when I came across that legislation, "No Child Left Behind."
«Бірде-бір бала қалдырылмады» деген заңмен кездескенде америкалықтарға келекелеу жат емес екендігін түсіндім.
(Laughter)
(Күлкі)
Because whoever thought of that title gets irony.
Себебі, кез келген адам оның атауына көз салған кезде, әзілді сезеді.
(Laughter)
(Күлкі)
Don't they?
Солай емес пе? Өйткені...
(Applause)
(Қол соғу)
Because it's leaving millions of children behind. Now I can see that's not a very attractive name for legislation: "Millions of Children Left Behind." I can see that. What's the plan? We propose to leave millions of children behind, and here's how it's going to work.
өйткені, ол артында миллиондаған баланы тастайды. Заңды «Қараусыз қалған миллион бала» десе жағымсыз боларын түсінемін. Мен мұны түсінемін. Жоспар неде? Енді миллиондаған баланы қалдыруды ұсынамыз — міне, осылай заң да жұмыс істейді.
And it's working beautifully.
Қазір де жақсы жұмыс істейді
(Laughter)
(Күлкі)
In some parts of the country, 60 percent of kids drop out of high school. In the Native American communities, it's 80 percent of kids. If we halved that number, one estimate is it would create a net gain to the U.S. economy over 10 years, of nearly a trillion dollars. From an economic point of view, this is good math, isn't it, that we should do this? It actually costs an enormous amount to mop up the damage from the dropout crisis.
Елдің кейбір бөлігінде жоғары сынып оқушыларының 60%-ы оқуды тастап кетеді. Тұрғылықты америкалықтардың 80% оқуды тастаған. Кейбір бағалаулар бойынша осы санды екі есеге кемітсе, АҚШ экономикасы үшін 10 жылдағы таза пайда шамамен триллион долларды құрайды. Экономикалық көзқарас тұрғысынан осылай істеу пайдалырақ емес пе? Оның үстіне, оқуды тастау мәселесінен келген шығындарды жою үшін көп қаражат жұмсалады.
But the dropout crisis is just the tip of an iceberg. What it doesn't count are all the kids who are in school but being disengaged from it, who don't enjoy it, who don't get any real benefit from it.
Бірақ оқуды тастау — бұл айсбергтің шыңы ғана. Өйткені, мектепті ұнатпағандықтан, одан бөлектенген, ешбір айтарлықтай пайдасы жоқ, мектепке барып жатқан балаларды есептемейді ғой.
And the reason is not that we're not spending enough money. America spends more money on education than most other countries. Class sizes are smaller than in many countries. And there are hundreds of initiatives every year to try and improve education. The trouble is, it's all going in the wrong direction. There are three principles on which human life flourishes, and they are contradicted by the culture of education under which most teachers have to labor and most students have to endure.
Мәселе, біздің жеткілікті ақша жұмсамағанымызда емес. Америка басқа елдерге қарағанда, білім беруге көп қаржы жұмсайды. Басқа көптеген елдерге қарағанда, сыныптар азырақ. Жыл сайын білім беруді жақсарту мақсатында жүздеген бастама ұсынады Бірақ, мәселе, теріс бағытта қозғалып бара жатқандығымызда болып отыр. Адамның өркендеуіне негізделген үш қағидат бар, оларға қарсы білім мәдениеті тұрады, бұл жағдайда көптеген ұстаздарға жұмыс істеуге, ал оқушылардың көпшілігіне – шыдауға тура келеді.
The first is this, that human beings are naturally different and diverse. Can I ask you, how many of you have got children of your own? Okay. Or grandchildren. How about two children or more? Right. And the rest of you have seen such children.
Бірінші қағидаттың мәні -адамдардың табиғатынан әртүрлі болатындығында. Рұқсат болса мен сұрайыншы: кімнің баласы бар? Жақсы. Ал, немерелер ше? Екі немесе одан көп бала ше? Сонымен. Басқаларға балалар жай ғана кездескен.
(Laughter)
(Күлкі)
Small people wandering about.
Ондай адамдар бар.
(Laughter)
(Күлкі)
I will make you a bet, and I am confident that I will win the bet. If you've got two children or more, I bet you they are completely different from each other. Aren't they?
Бәс тігемін, және бәсте жеңетініме сенімдімін. Егер екі немесе одан көп балаңыз болса олар бір-біріне мүлде ұқсамайды деп бәс тіге аламын. Солай емес пе? Шын ғой?
(Applause)
(Қол соғу)
You would never confuse them, would you? Like, "Which one are you? Remind me."
Оларды шатастыру мүмкін емес қой? «Сен қайсысысың? Еске сап жіберші.
(Laughter)
(Күлкі)
"Your mother and I need some color-coding system so we don't get confused."
Анам екеуміз бір түсті кодтап алатын шығармыз, бізді шатастырмас үшін»
Education under "No Child Left Behind" is based on not diversity but conformity. What schools are encouraged to do is to find out what kids can do across a very narrow spectrum of achievement. One of the effects of "No Child Left Behind" has been to narrow the focus onto the so-called STEM disciplines. They're very important. I'm not here to argue against science and math. On the contrary, they're necessary but they're not sufficient. A real education has to give equal weight to the arts, the humanities, to physical education. An awful lot of kids, sorry, thank you --
«Бірде бір бала қалдырылмады» заңы бойынша білім беру көптүрлілікке емес, біртүрлілікке негізделген. Мектептер балалардың өте шектеулі ұмтылыстарының арасынан қажеттісін анықтауға жағдай жасайды. «Бірде бір бала қалдырылмады» заңының нәтижелерінің бірі балаларды жаратылыстану ғылымдары мен математикаға көбірек ден қойғызу болатын. Олар өте маңызды. Жаратылыстану мен математикаға қарсылығым жоқ. Керісінше, олар өте қажетті пәндер, бірақ олардың өзі ғана жеткіліксіз. Шынайы білім беруде бейнелеу өнеріне, гуманитарлық ғылымдарға, дене шынықтыруға да теңдей көңіл бөлінуі керек. Балар өте көп... Рахмет —
(Applause)
(Қол соғу)
One estimate in America currently is that something like 10 percent of kids, getting on that way, are being diagnosed with various conditions under the broad title of attention deficit disorder. ADHD. I'm not saying there's no such thing. I just don't believe it's an epidemic like this. If you sit kids down, hour after hour, doing low-grade clerical work, don't be surprised if they start to fidget, you know?
Кейбір есептер бойынша, Америкада шамамен балалардың 10% -ында, "көңіл бөлу жетіспеушілігі синдромы" дейтін сырқат кездесуде. КБЖС. Мұндай құбылыс жоқ деп отырғам жоқ. Бірақ оның осынша індетке айналғанына сенбей отырмын Егер балаларыңыз сағаттап, қағазбасты жұмыс атқарса, олардың тықырши бастағанына таңғалуға бола ма?
(Laughter)
(Күлкі)
(Applause)
(Қол соғу)
Children are not, for the most part, suffering from a psychological condition. They're suffering from childhood.
Балалардың көпшілігі психология синдромымен ауырмайды. Балалық шақ жетіспегендіктен ауырады
(Laughter)
(Күлкі)
And I know this because I spent my early life as a child. I went through the whole thing. Kids prosper best with a broad curriculum that celebrates their various talents, not just a small range of them. And by the way, the arts aren't just important because they improve math scores. They're important because they speak to parts of children's being which are otherwise untouched.
Өмірімнің алғашқы сәттерін бала болып өткіздіктен бұны білемін Бұның бәрін де бастан кешірдім. Балалардың оқу бағдарламасы әртүрлі болған сайын, үлгерімі өте жақсы болады таланттарының әртүрлі қырларының ашылуын қолдайды және гуманитария ғылымдары математиканы жақсартпайды, балалар тұлғасының ешбір қозғалмаған тұстарына бағытталған
The second, thank you --
Екінші... Рахмет.
(Applause)
(Қол соғу)
The second principle that drives human life flourishing is curiosity. If you can light the spark of curiosity in a child, they will learn without any further assistance, very often. Children are natural learners. It's a real achievement to put that particular ability out, or to stifle it. Curiosity is the engine of achievement. Now the reason I say this is because one of the effects of the current culture here, if I can say so, has been to de-professionalize teachers. There is no system in the world or any school in the country that is better than its teachers. Teachers are the lifeblood of the success of schools. But teaching is a creative profession. Teaching, properly conceived, is not a delivery system. You know, you're not there just to pass on received information. Great teachers do that, but what great teachers also do is mentor, stimulate, provoke, engage. You see, in the end, education is about learning. If there's no learning going on, there's no education going on. And people can spend an awful lot of time discussing education without ever discussing learning. The whole point of education is to get people to learn.
Екінші қағидат, адамның өмірін өркендеуге жетелейтін нәрсе - қызығушылық. Егер балалардың бойында осы қызығушылық отын тұтандыра алсақ, одан ары қарай ешбір көмексіз өздері-ақ оқып кетеді. Таным, әрине, балалар үшін. Нақты осы қабілетті ояту немесе өшіру — бұл үлкен іс. Қызығушылық — жетістіктерге жеткізетін қозғалтқыш сияқты. Бұны айтып тұрған себебім, осында қалыптасқан мәдениет нәтижелерінің бірі, осылай айтуға болар болса ұстаз мамандығын төмендету болды. Әлемдегі бірде-бір жүйе, елдегі бірде-бір мектеп, өз ұстаздарынан артық бола алмайды. Ұстаздар - мектеп жетістігінің қайнар көзі. Бірақ ұстаздық — шығармашылықты талап етер мамандық. Оқыту дегеніміз — жеткізіп беру жүйесі емес. Бұл жай ғана алынған ақпаратты жеткізу емес қой. Ұлы ұстаздар да осылай істейді, бірақ ұлы ұстаздар жол көрсетер бастаушы болады, олар қызықтырады, түрткі салады, қозғайды. Соңғы нәтижесінде, білім беру оқытуға алып келеді Егер оқыту жүргізілмесе, білім беру де болмайды. Адамдар білім беруді талқыладық деп, оқыту жайлы мүлде айтпастан өте көп уақыттарын өткізеді Бірақ білім берудің мәні адамдардың оқығанында.
An old friend of mine -- actually very old, he's dead.
Бір досым, шындығында, өте кәрі ескі досым, ол өмірден өтіп кетті.
(Laughter)
(Күледі)
That's as old as it gets, I'm afraid.
Өте кәрі еді.
(Laughter)
(Күлкі)
But a wonderful guy he was, wonderful philosopher. He used to talk about the difference between the task and achievement senses of verbs. You can be engaged in the activity of something, but not really be achieving it, like dieting.
Бірақ ол керемет адам, керемет философ болатын. Ол тапсырма мен жетістіктің айырмасын етістік тұрғысынан талқылады. Бұл, сіз бір әрекетті істейсіз, бірақ еш нәрсеге қол жетікізе алмайсыз, мысалы диетада отыру.
(Laughter)
(Күлкі)
It's a very good example. There he is. He's dieting. Is he losing any weight? Not really.
Бұл өте жақсы мысал. Міне, адам диетада отыр. Ол арықтап жатыр ма? Жалпы алғанда жоқ
(Laughter)
(Күлкі)
Teaching is a word like that. You can say, "There's Deborah, she's in room 34, she's teaching." But if nobody's learning anything, she may be engaged in the task of teaching but not actually fulfilling it.
Оқыту осыған ұқсас. Мысалы: «Мынау Дебора, ол №34 сыныпта сабақ беріп жатыр» - десек. Бірақ ешкім еш нәрсені оқып жатпаса, ол оқытуға тырысып, тапсырма берсе де, іс жүзінде оны орындамаған болады
The role of a teacher is to facilitate learning. That's it. And part of the problem is, I think, that the dominant culture of education has come to focus on not teaching and learning, but testing. Now, testing is important. Standardized tests have a place. But they should not be the dominant culture of education. They should be diagnostic. They should help.
Ұстаздың рөлі — оқуға себепші болу. Бар болғаны осы. Маған осы мәселе үстем білім беру мәдениетінің оқыту мен үйретуге бағытталмай, тек қана бақылауға бағытталуында сияқты көрінеді. Бақылау, әрине маңызды. Стандартты тесттердің өз орны бар. Бірақ олар білім беру мәдениетінде билік құрмауы керек. Олар анықтау үшін керек. Олар көмектесу керек
(Applause)
(Қол соғу)
If I go for a medical examination, I want some standardized tests. I do. I want to know what my cholesterol level is compared to everybody else's on a standard scale. I don't want to be told on some scale my doctor invented in the car.
Егер медициналық тексеруге бара жатсам, тексерудің стандартты болғанын қалаймын. Рас айтам. Яғни, стандартты шәкіл бойынша, холестеринім өзгемен салыстырғанда қанша болғанын білгім келеді Дәрігерім әйтеуір бір шәкіл бойынша аспаннан алған нәтиже керек емес
(Laughter)
(Күлкі)
"Your cholesterol is what I call Level Orange."
«Шәкілім бойынша холостериніңіз «қызғылт сары».
"Really?"
— «Рас па? »
(Laughter)
(Күлкі)
"Is that good?" "We don't know."
Бұл жақсы көрсеткіш пе? Білмейміз.
(Laughter)
(Күлкі)
But all that should support learning. It shouldn't obstruct it, which of course it often does. So in place of curiosity, what we have is a culture of compliance. Our children and teachers are encouraged to follow routine algorithms rather than to excite that power of imagination and curiosity. And the third principle is this: that human life is inherently creative. It's why we all have different résumés. We create our lives, and we can recreate them as we go through them. It's the common currency of being a human being. It's why human culture is so interesting and diverse and dynamic. I mean, other animals may well have imaginations and creativity, but it's not so much in evidence, is it, as ours? I mean, you may have a dog. And your dog may get depressed. You know, but it doesn't listen to Radiohead, does it?
Бірақ осының бәрі көп жағдайда кедергі болмай, қайта оқытуға негіз болу керек. Біз сонда, қызығушылық орнына сәйкестік мәдениетін иемденген боламыз. Біздің балаларымыз бен ұстаздарда қиялдау мен қызығушылықты ояту орнына, типті алгоритмдерді сақтауға итермелейді. Үшінші қағидат,шығармашылықтың адам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігінде. Міне, сондықтан да әркімнің түйіндемесі әртүрлі. Біз өз өмірімізді өзіміз құрамыз, өмір сүре отырып, оларды ретке келтіреміз. Бұл адам тұрмысының жалпы қағидаты. Міне, осыдан да адам мәдениеті қызықты, әртүрлі және қарқынды. Енді, басқа жануарлар да қиялдауы және шығармашылық қабілеттерді иемденуі мүмкін бірақ бұл, біздегідей көрінбейді, рас қой? Айталық, сіздің итіңіз бар. Итте күйзеліс болуы мүмкін. Бірақ олар сол үшін Radiohead-ты тыңдамайды ғой?
(Laughter)
(Күлкі)
And sit staring out the window with a bottle of Jack Daniels.
Jack Daniels бөтелкесін ішіп, терезеге қадалмайды.
(Laughter)
(Күлкі)
"Would you like to come for a walk?" "No, I'm fine."
"Серуендегің келе ме?" деп сұрайсыз Ит сізге: Жоқ, бәрі жақсы
(Laughter)
(Күлкі)
"You go. I'll wait. But take pictures."
"Серуенде. Күте тұрамын, бір нәрсені суретке түсіріп кел", - деп жауап береді.
(Laughter)
(Күлкі)
We all create our own lives through this restless process of imagining alternatives and possibilities, and one of the roles of education is to awaken and develop these powers of creativity. Instead, what we have is a culture of standardization.
Өз өмірімізді үздіксіз нұсқалар мен мүмкіндіктер ұсынатын үдерісте өткіземіз, білім берудің міндеттерінің бірі – осы шығармашылық қабілеттерді ояту мен дамыту. Бұның орнына бізде стандарттау мәдениеті жүріп жатыр.
Now, it doesn't have to be that way. It really doesn't. Finland regularly comes out on top in math, science and reading. Now, we only know that's what they do well at, because that's all that's being tested. That's one of the problems of the test. They don't look for other things that matter just as much. The thing about work in Finland is this: they don't obsess about those disciplines. They have a very broad approach to education, which includes humanities, physical education, the arts.
Бірақ мұның бұлай болуы мүмкін емес қой. Иә, бұлай болмауы керек. Финляндия үнемі математика, әдебиет, жаратылыстану ғылымдары бойынша алда. Олардың жетістікке жеткендігін осылайша білеміз себебі қазір осыны ғана тексереді. Тексеру мәселесінің бірі осында. Олар маңызы аз, басқа көрсеткіштерді есепке алмайды. Финляндиядағы істің мәні мынада: олар осы пәндермен ғана шектеліп отырған жоқ. Олардың құрамына гуманитарлық ғылымдар, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, кіретін білім беруге көзқарас өте кең.
Second, there is no standardized testing in Finland. I mean, there's a bit, but it's not what gets people up in the morning, what keeps them at their desks.
Екіншіден, Финляндияда стандартты бақылау жоқ. Енді, ештеңе жоқ емес, бар ғой, бірақ олар таңертең төсегінен осы үшін тұрмайды. Сол үшін олар партада отырмайды.
The third thing -- and I was at a meeting recently with some people from Finland, actual Finnish people, and somebody from the American system was saying to the people in Finland, "What do you do about the drop-out rate in Finland?"
Енді, үшіншісі, жақында мен Финляндия адамдарымен, яғни финдермен кездестім, сол кезде америкалық білім беру жүйесінің бір адамы Финляндия адамдарынан: Финляндияда оқуын тастағандармен не істейсіздер?- деп сұрады.
And they all looked a bit bemused, and said, "Well, we don't have one. Why would you drop out? If people are in trouble, we get to them quite quickly and we help and support them."
Бұл оларды аздап тығырыққа тіреді, олар: «Бізде бұндай жоқ. Оқуды неге тастайды? Егер адамдарда қиындық туындаса, тезірек қолдауға және көмектесеміз" деді.
Now people always say, "Well, you know, you can't compare Finland to America." No. I think there's a population of around five million in Finland. But you can compare it to a state in America. Many states in America have fewer people in them than that. I mean, I've been to some states in America and I was the only person there.
Бірақ әр уақытта да адамдар: Америка мен Финляндияны салыстыруға болмайды дейді. Жоқ, болмайды. Қателеспесем,Финляндияның халқы шамамен бес миллион. Дегенмен оны Американың штаттарымен салыстыруға болады. Американың кейбір штаттарындағы халық саны Финляндиядан аз. Американың кейбір штаттарында болдым және менен басқа онда ешкім болмапты.
(Laughter)
(Күлкі)
Really. Really. I was asked to lock up when I left.
Рас, рас. Ол жерден кеткен кезде, есікті өзімнің жабуыма тура келді.
(Laughter)
(Күлкі).
But what all the high-performing systems in the world do is currently what is not evident, sadly, across the systems in America -- I mean, as a whole. One is this: they individualize teaching and learning. They recognize that it's students who are learning and the system has to engage them, their curiosity, their individuality, and their creativity. That's how you get them to learn.
Бірақ әлемдегі ең жақсы жүйелер жүзеге асырып отырған әрекет белгілері, қазіргі таңда, өкінішке қарай, америкалық жүйелерде байқалмайды. Жалпылай айтып отырмын. Біріншіден, олар оқыту мен үйретуде өздерінің жеке ұстанымдарын сақтайды. Олар нақты оқушылар оқитындығын, жүйе олардың қызығушылығын оятып шығармашылығы мен жеке қасиеттерін тарту керектігін мойындайды. Дәл осылай оқу процессіне тартады
The second is that they attribute a very high status to the teaching profession. They recognize that you can't improve education if you don't pick great people to teach and keep giving them constant support and professional development. Investing in professional development is not a cost. It's an investment, and every other country that's succeeding well knows that, whether it's Australia, Canada, South Korea, Singapore, Hong Kong or Shanghai. They know that to be the case.
Екіншіден, олар ұстаз мамандығына көп мән береді. Олар талантты адамдарды ұстаздыққа алмай және оларға үздіксіз қолдау және кәсіби дамуына қолдау көрсетпей, білім беруді жақсартуға болмайтындығын түсінеді Кәсіби дамуға салынған қаражат — ол шығын емес. Бұның инвестиция екендігін, Австралия, Канада, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг немесе Шанхай болсын, барлық дамыған елдерде жақсы түсінеді. Олар өз табыстарының құпиясы осында екендігін біледі.
And the third is, they devolve responsibility to the school level for getting the job done. You see, there's a big difference here between going into a mode of command and control in education -- That's what happens in some systems. Central or state governments decide, they know best and they're going to tell you what to do. The trouble is that education doesn't go on in the committee rooms of our legislative buildings. It happens in classrooms and schools, and the people who do it are the teachers and the students, and if you remove their discretion, it stops working. You have to put it back to the people.
Үшіншіден, олар мектептер дәрежесінде істелген жұмыстары үшін жауапкершілік алады. Бұл жерде білім берудегі командалық басқару мен қадағалау арасында айырмашылық бар екендігін түсінесіз бе? Кейбір жүйелерде осылай болады: орталық не мемлекеттік үкімет басқалар үшін ненің жақсы екендігін, не істеу керектігін көрсетеді. Мұндағы мәселе тек қана білім беру процесінің мәжіліс залдарында және заң қабылдау мекемелерінде өтпеуінде ғана. Ол сыныптар мен мектептерде өтеді, оны жүзеге асыратын адамдар ұстаздар мен оқушылар, ал егер оларды әрекет еркіндігінен айырсақ, бұл жұмыс істеуін тоқтатады. Оны адамдарға қайтару керек.
(Applause)
(Қол соғу).
There is wonderful work happening in this country. But I have to say it's happening in spite of the dominant culture of education, not because of it. It's like people are sailing into a headwind all the time. And the reason I think is this: that many of the current policies are based on mechanistic conceptions of education. It's like education is an industrial process that can be improved just by having better data, and somewhere in the back of the mind of some policy makers is this idea that if we fine-tune it well enough, if we just get it right, it will all hum along perfectly into the future. It won't, and it never did.
Бұл елде жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ, ол билік құрып тұрған білім беру мәдениетіне қарамастан жүргізіліп отыр. Адамдар желге қарсы желкеннің астында жүрген сияқты. Мәселе мынада деп ойлаймын: көптеген заманауи әдістер білім беру туралы механикалық ұғымдарға негізделген. Құдды бір білім беру — өнеркәсіптік процесс сияқты, оны жақсарту үшін, керекті мәліметтерің болса болғаны және осындай әдістер авторларының кейбірінің миының түкпірінде «егер бәрін жақсылап ретке келтірсе, егер бәрін дұрыстап істесе, бәрі де жақсы реттеліп, болашаққа кетеді» дейді. Бірақ болмайды, ешқашан болған емес.
The point is that education is not a mechanical system. It's a human system. It's about people, people who either do want to learn or don't want to learn. Every student who drops out of school has a reason for it which is rooted in their own biography. They may find it boring. They may find it irrelevant. They may find that it's at odds with the life they're living outside of school. There are trends, but the stories are always unique. I was at a meeting recently in Los Angeles of -- they're called alternative education programs. These are programs designed to get kids back into education. They have certain common features. They're very personalized. They have strong support for the teachers, close links with the community and a broad and diverse curriculum, and often programs which involve students outside school as well as inside school. And they work. What's interesting to me is, these are called "alternative education."
Себебі, білім беру — механикалық жүйе емес. Бұл адами жүйе. Ол адамдарға қатысты, оқығысы келетін немесе оқығысы келмейтін адамдарға қатысты. Мектепті тастап кеткен әрбір оқушының оған тамыры өмір тарихында жатқан себеп бар. Мүмкін, бұл жалықтыратын шығар. Мүмкін, бұл керек емес деп ойлар. Мүмкін, олардың мектеп сыртындағы өміріне бұл үйлеспейді деп ойлайтын шығар. Үрдістер бар, бірақ барлық оқиға бірегей. Жақында Лос-Анджелесте менің баламалы білім беру бағдарламасы бойынша кездесуім болды. Бұл бағдарламалар балаларды мектепке қайта тарту мақсатына көзделген. Олардың ортақ ұқсастықтары бар. Олар дербестендірілген. Олар ұстаздар үшін мықты қолдау, қоршаған ортамен тығыз байланыс және кең көлемді, әртүрлі оқу жоспарларын көрсетеді және үнемі оқушылардың оқу уақыты мен басқа уақытта қатысатын бағдарламалары бар Бұл жүзеге асып жатыр. Маған ең қызықтысы,бұның «балама білім беру» деп аталатындығы.
(Laughter)
(Күлкі)
You know? And all the evidence from around the world is, if we all did that, there'd be no need for the alternative.
Түсінесіздер ме? Бүкіл әлемнің мәліметтері, егер барлығы осылай жасаса, ешбір балама керек болмас еді.
(Applause)
(Қол соғу)
(Applause ends)
(Қол соғу соңы)
So I think we have to embrace a different metaphor. We have to recognize that it's a human system, and there are conditions under which people thrive, and conditions under which they don't. We are after all organic creatures, and the culture of the school is absolutely essential. Culture is an organic term, isn't it?
Сондықтан, басқаша метафора табу керек сияқты. Бұның адами жүйе екендігін мойындау керек және кейбір адамдар жетістікке жететін жағдайлар және бұған кері жағдайлар болатындығын мойындау керек Нәтижесінде, біз бәріміз биологиялық жаратылыстармыз, сондықтан да мектеп мәдениеті біз үшін табиғи нәрсе. Мәдениет — бұл биологиялық термин емес пе?
Not far from where I live is a place called Death Valley. Death Valley is the hottest, driest place in America, and nothing grows there. Nothing grows there because it doesn't rain. Hence, Death Valley. In the winter of 2004, it rained in Death Valley. Seven inches of rain fell over a very short period. And in the spring of 2005, there was a phenomenon. The whole floor of Death Valley was carpeted in flowers for a while. What it proved is this: that Death Valley isn't dead. It's dormant. Right beneath the surface are these seeds of possibility waiting for the right conditions to come about, and with organic systems, if the conditions are right, life is inevitable. It happens all the time. You take an area, a school, a district, you change the conditions, give people a different sense of possibility, a different set of expectations, a broader range of opportunities, you cherish and value the relationships between teachers and learners, you offer people the discretion to be creative and to innovate in what they do, and schools that were once bereft spring to life.
Мен тұратын жерден тым алыс емес, Өлім аңғары деген жер бар. Өлім аңғары — Америкадағы ештеңе өспейтін, ең ыстық және құрғақ жер. Ол жерде жаңбырдың жоқтығынан ештеңе өспейді "Өлім аңғары" атауы содан шыққан. Бірақ 2004 жылы Өлім аңғарында жаңбыр жауды. Өте қысқа мерзім ішінде 17 см-лік шамада жауын-шашын түсті. Ал 2005 жылдың көктемінде таңғажайып құбылыс болды. Өлім аңғары аз ғана уақытқа түгелдей гүлге көмкерілді. Бұл деген Өлім аңғарының өлі еместігін көрсетеді. Ол жай ғана ұйықтап жатыр. Тура үстіңгі жағында жер бетіне шығатын қажетті жағдайын күтіп жатқан мүмкіндіктер дәні бар және биологиялық жүйеде дұрыс жағдайда міндетті түрде өмір пайда болады. Үнемі осылай болады. Аймақты, мектепті, ауданды алыңыз, жағдайын өзгертіңіз, адамдарға мүмкіндіктері туралы түсіндіріңіз бойларына басқа көп мүмкіндіктер мен сенім ұялатыңыздар, егер оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынасты бағаласаңыз, адамдарға шығармашылық еркіндік беріңіздер, қызметтерінде жаңашылдық орнатыңыздар, сонда бір кездерде үмітсіз қалған мектептердің бәрі де жанданады.
Great leaders know that. The real role of leadership in education -- and I think it's true at the national level, the state level, at the school level -- is not and should not be command and control. The real role of leadership is climate control, creating a climate of possibility. And if you do that, people will rise to it and achieve things that you completely did not anticipate and couldn't have expected.
Ұлы көшбасшылар мұны біледі. Білім берудегі басшылықтың шынайы рөлі — ұлттық, мемлекеттік және мектептер дәрежесінде де — командалық басқаруға алып келмеуі керек. Жағдайды басқарудағы басшылықтың шынайы рөлі, мүмкіндіктер үшін қолайлы жағдайды жасау. Егер осыны жасаса, адамдар оған тартылады, сіз ойламаған және мүлде күтпеген жетістіктерге жетеді
There's a wonderful quote from Benjamin Franklin. "There are three sorts of people in the world: Those who are immovable, people who don't get it, or don't want to do anything about it; there are people who are movable, people who see the need for change and are prepared to listen to it; and there are people who move, people who make things happen." And if we can encourage more people, that will be a movement. And if the movement is strong enough, that's, in the best sense of the word, a revolution. And that's what we need.
Бенджамин Франклиннің керемет сөзі бар: «Өмірде адамдардың үш типі бар: қозғалмайтын, яғни ештеңесі жоқ, болғанын да қаламайтын, онысымен күрескісі келмейтін адамдар қозғалатындар: бұлар өзгерістің қажет екендігін білетіндер және соған ыңғайлануға бейімділер; және қозғалтатындар бар: бұлар, бәрін жүзеге асыратындар. Егер де адамдарды көбірек рухтандыратын болсақ, бұл тұтас бір қозғалыс болады. Ал егер, осы қозғалыс қаттырақ болса, сөздің ашығын айтқанда, көтеріліс болады. Бізге нақты керегі осы.
Thank you very much.
Үлкен рахмет.
(Applause)
(Қол соғу)
Thank you very much.
Үлкен рақмет.
(Applause)
(Қол соғу)