A high forehead topped by disheveled black hair, a sickly pallor, and a look of deep intelligence and deeper exhaustion in his dark, sunken eyes. Edgar Allan Poe’s image is not just instantly recognizable – it’s perfectly suited to his reputation. From the prisoner strapped under a descending pendulum blade, to a raven who refuses to leave the narrator’s chamber, Poe’s macabre and innovative stories of gothic horror have left a timeless mark on literature.
Ашық маңдайы жайылған қара шашпен жабылған, аурушаң бозарған түрі, терең ойлы көзқарас және қатты шаршаған бейнені оның түнерген, шүңірейген көздерінен көруге болады. Эдгар Аллан По бейнесімен ғана бірден танылмайды – бұл оның беделіне де толық сәйкес келеді. Бас шабатын балта жүзінің астында байланып жатқан тұтқыннан, әңгімелеушінің бөлмесінен шығудан бас тартқан қарғаға дейін, Поның қорқынышты және жаңашыл готикалық әңгімелері әдебиетте мәңгілік із қалдырды.
But just what is it that makes Edgar Allan Poe one of the greatest American authors? After all, horror was a popular genre of the period, with many practitioners. Yet Poe stood out thanks to his careful attention to form and style. As a literary critic, he identified two cardinal rules for the short story form: it must be short enough to read in one sitting, and every word must contribute to its purpose. By mastering these rules, Poe commands the reader’s attention and rewards them with an intense and singular experience – what Poe called the unity of effect.
Ендеше Эдгар Аллан Поны ең ұлы америкалық авторлардың бірі еткен не? Хоррор, қорқыныш жанры сол кезеңде авторлар арасында онсыз да танымал болды. Бірақ По пішін мен стильге мұқият назар аударуының арқасында ерекшеленді. Әдеби сыншы ретінде қысқа әңгіме формасы үшін ол негізгі екі ереже ұсынды: бір отырғанда оқып тастайтын барынша қысқа болуы керек және әрбір қолданылған сөз мақсатқа жетуге үлес қосу керек. Осы ережелерді меңгеріп, По оқырманның назарын аударады және оларды қарқынды әрі ерекше әсермен марапаттайды – Эдгар По оны эффект бірлігі деп атаған.
Though often frightening, this effect goes far beyond fear. Poe’s stories use violence and horror to explore the paradoxes and mysteries of love, grief, and guilt, while resisting simple interpretations or clear moral messages. And while they often hint at supernatural elements, the true darkness they explore is the human mind and its propensity for self-destruction. In “The Tell-Tale Heart,” a ghastly murder is juxtaposed with the killer’s tender empathy towards the victim – a connection that soon returns to haunt him. The title character of "Ligeia" returns from the dead through the corpse of her husband’s second wife – or at least the opium-addicted narrator thinks she does. And when the protagonist of “William Wilson” violently confronts a man he believes has been following him, he might just be staring at his own image in a mirror. Through his pioneering use of unreliable narrators, Poe turns readers into active participants who must decide when a storyteller might be misinterpreting or even lying about the events they’re relating.
Көбіне бұл әсер қорқыныштан да асып түседі деп қорқытады. По әңгімелерінде зорлық пен қорқынышты махаббат, қайғы және кінәнің парадокстары мен жұмбақтарын зерттеуге қолданады, сөйтіп қарапайым түсініктерге немесе моральға қарсы тұрады. Сондай-ақ олар тылсым күштерге жиі сүйенсе де, олар зерттейтін нағыз қараңғылық – адам санасы және оның өзін-өзі жоюға бейімділігі. «Әшкерелеуші жүректе» жан түршігерлік кісі өлтіру өлтірушіге деген аяушылықпен қатар жүреді. Бұл байланыс көп ұзамай оның ізіне түсіп қайта оралады. «Лигея» фильмінің бас кейіпкері күйеуінің екінші әйелінің мәйіті арқылы өлілер әлемінен қайта оралады немесе апиынға тәуелді баяндаушы солай деп ойлайды. Ал «Уильям Уилсонның» бас кейіпкері өзінің соңынан ерді деп ойлаған адамға қатты қарсы шыққанда, ол жай ғана айнадағы өзінің бейнесі болуы мүмкін. Өзінің жаңашыл әдісі сенімсіз әңгімелеушілерді қосу арқылы, По оқырмандарын белсенді қатысушыларға айналдырады, олар әңгімеде қате түсінген, тіпті өтірік айтқан жерлеріне нұсқап отырады.
Although he’s best known for his short horror stories, Poe was actually one of the most versatile and experimental writers of the nineteenth century. He invented the detective story as we know it, with “The Murders in the Rue Morgue,” followed by “The Mystery of Marie Roget” and “The Purloined Letter.” All three feature the original armchair detective, C. Auguste Dupin, who uses his genius and unusual powers of observation and deduction to solve crimes that baffle the police. Poe also wrote satires of social and literary trends, and hoaxes that in some cases anticipated science fiction. Those included an account of a balloon voyage to the moon, and a report of a dying patient put into a hypnotic trance so he could speak from the other side. Poe even wrote an adventure novel about a voyage to the South Pole and a treatise on astrophysics, all while he worked as an editor, producing hundreds of pages of book reviews and literary theory.
Ол өзінің қысқа қорқынышты әңгімелерімен танымал болғанымен, шын мәнінде По жан-жақты және он тоғызыншы ғасырдың экспериментал жазушысы болды. Бәріңіз білетіндей, ол детектив жанрын ойлап тапты, «Морг көшесіндегі кісі өлтіру» одан кейін «Мари Родженің құпиясы» және «Ұрланған хат». Үшеуі де креслода отырып оқитын ерекше детектив. К. Огюст Дюпен өзінің данышпандығын және бақылау мен дедукцияның ерекше күшін пайдаланып полиция шеше алмаған қылмысты ашады. По әлеуметтік және әдеби ағымдарға да сатира жазды, кейбір жағдайда мистификация ғылыми фантастикаға ұласады. Оның ішінде айға әуе шарымен саяхаттаудың есебі және ол дүниемен байланысу үшін жасалған өлім ауызындағы науқастың гипноздық трансқа түсуі де бар. По тіпті Оңтүстік полюске саяхат туралы шытырман оқиғалы роман және астрофизика туралы трактат жазды. Ол редактор болып жұмыс істегенде, кітаптарға шолу мен әдебиет теориясы туралы жүздеген бет дайындады.
An appreciation of Poe’s career wouldn’t be complete without his poetry: haunting and hypnotic. His best-known poems are songs of grief, or in his words, “mournful and never-ending remembrance.” “The Raven,” in which the speaker projects his grief onto a bird who merely repeats a single sound, made Poe famous.
Поның шығармашылығын оның поэзиясынсыз толық бағалау мүмкін емес: таңғалдырады және баурап алады. Оның ең танымал өлеңдері - мұң жырлары, немесе өз сөзімен айтсақ «қайғылы және мәңгілік естелік». «Қарға» шығармасында баяндаушы мұңын тек бір дыбысты қайталайтын құс арқылы бейнелейді. Бұл шығарма Поны танымал етті.
But despite his literary success, Poe lived in poverty throughout his career, and his personal life was often as dark as his writing. He was haunted by the loss of his mother and his wife, who both died of tuberculosis at the age of 24. Poe struggled with alcoholism and frequently antagonized other popular writers. Much of his fame came from posthumous – and very loose – adaptations of his work. And yet, if he could’ve known how much pleasure and inspiration his writing would bring to generations of readers and writers alike, perhaps it may have brought a smile to that famously brooding visage.
Бірақ әдеби жетістігіне қарамастан, По бүкіл өмірін кедейшілікте өткізді және жеке өмірі де шығармаларындағыдай қараңғы түнекте өтті. Анасынан айырылғаны оны қатты қинады, сондай-ақ әйелі де анасы сияқты 24 жасында туберкулезден қайтыс болды. По маскүнемдікпен күресті және басқа танымал жазушыларға жиі қарсы шықты. Танымалдығы қайтыс болғанында және шығармалары түсірілгеннен кейін артты. Егер ол жазғандары келесі ұрпақ оқырмандары мен жазушыларына қаншалықты рахат пен шабыт әкелетінін білген болса, оның әйгілі мұңды жүзіне күлкі үйірілер еді.