What is the intersection between technology, art and science? Curiosity and wonder, because it drives us to explore, because we're surrounded by things we can't see. And I love to use film to take us on a journey through portals of time and space, to make the invisible visible, because what that does, it expands our horizons, it transforms our perception, it opens our minds and it touches our heart. So here are some scenes from my 3D IMAX film, "Mysteries of the Unseen World."
Технология, өнер және ғылымды байланыстыратын не? Әуестік пен қызығушылық, өйткені бұл бізді зерттеуге жетелейді, өйткені бізді көзге көрінбейтін нәрселер қоршап жатыр. Фильм түсіруді жақсы көремін, уақыт пен кеңістік порталынан өтіп, саяхат жасау үшін, көрінбейтінді көрсету үшін. Бұл фильмдер мүмкіндігімізді арттырып, түйсігімізді түрлендіреді, ой-өрісімізді кеңейтіп, жүрегімізге жетеді. Мінеки, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" деп аталатын менің 3D IMAX
(Music)
фильмімнен алынған кейбір көріністер,
(Музыка)
There is movement which is too slow for our eyes to detect, and time lapse makes us discover and broaden our perspective of life. We can see how organisms emerge and grow, how a vine survives by creeping from the forest floor to look at the sunlight. And at the grand scale, time lapse allows us to see our planet in motion. We can view not only the vast sweep of nature, but the restless movement of humanity. Each streaking dot represents a passenger plane, and by turning air traffic data into time-lapse imagery, we can see something that's above us constantly but invisible: the vast network of air travel over the United States. We can do the same thing with ships at sea. We can turn data into a time-lapse view of a global economy in motion. And decades of data give us the view of our entire planet as a single organism sustained by currents circulating throughout the oceans and by clouds swirling through the atmosphere, pulsing with lightning, crowned by the aurora Borealis. It may be the ultimate time-lapse image: the anatomy of Earth brought to life.
Байқауға шамамыз жете бермейтін өте баяу қимыл-қозғалыстар бар, жылдамдатылған кадрлық уақыт өмір туралы көзқарасымызды айқындап, кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз организмдердің қалай пайда болып, дамитынын, жүзім сабағының күн шуағына жету үшін орман ағашына өрмелеу арқылы өмірге талпынысын көре аламыз. Үлкен масштабта жылдамдатылған кадрлық уақыт қозғалыстағы планетамызды көруге мүмкіндік береді. Табиғаттың ұланғайыр аумағын көріп қана қоймай, адамзаттың дамылсыз қозғалыстарын да тамашалай аламыз. Әрбір ұшып бара жатқан нүкте жолаушылар ұшағын білдіреді. Егер әуе тасымалы деректерін алып, кадрды жылдамдатсақ, төбемізде тұрақты бірнәрсе бар екеніне көз жеткіземіз, бірақ көрінбейді: АҚШ төбесіндегі шексіз әуежолдар желісі. Осыны теңіздегі кемелерге де жасай аламыз. Біз қозғалыстағы ғаламдық экономика көрінісін уақытты жылдамдату арқылы бейнелей аламыз. Он жылда жиналған деректер бізге бүкіл планетамызды бір организм ретінде келесі көріністерді көрсетеді: барлық мұхиттарды шарлап өтетін ағыстар мен атмосфераны айналып жатқан бұлттар арқылы үздіксіз жалғасып жатқан, жарқылдаған найзағайлар мен солтүстік шұғыладан тәж кигендей. Бұл жердің жылдамдатылған түпкі көрінісі: Жердің жанданған анатомиясы.
At the other extreme, there are things that move too fast for our eyes, but we have technology that can look into that world as well. With high-speed cameras, we can do the opposite of time lapse. We can shoot images that are thousands of times faster than our vision. And we can see how nature's ingenious devices work, and perhaps we can even imitate them. When a dragonfly flutters by, you may not realize, but it's the greatest flier in nature. It can hover, fly backwards, even upside down. And by tracking markers on an insect's wings, we can visualize the air flow that they produce. Nobody knew the secret, but high speed shows that a dragonfly can move all four wings in different directions at the same time. And what we learn can lead us to new kinds of robotic flyers that can expand our vision of important and remote places.
Сонымен қатар көзіміз байқап үлгермейтін өте жылдам нәрселер бар, бұндай әлемді де көруге мүмкіндік беретін технологиямыз бар. Жоғары жылдамдықты камерамен кадрлар жылдамдығын баяулата аламыз . Бейнелерді көзімізден мың есе жоғары жылдамдықпен түсіре аламыз. Табиғаттың данышпан механизмдерінің қалай жұмыс істейтінін көре аламыз, бәлкім тіпті олардың көшірмесін де жасай алармыз. Жаныңыздан инелік ұшып бара жатқан кезде оның табиғаттағы ең асқан шебер ұшқыш екенін білмейтін шығарсыз. Ол бір орында қалықтап, артқа қарап, тіпті төңкеріліп те ұша алады. Қанаттарының салған ізіне қарап, жасалған ауа қозғалысын көре аламыз. Ешкім бұл құпияны білген жоқ. Бірақ жоғары жылдамдық инеліктің бір уақытта барлық қанаттарын әр түрлі бағытта қозғалтатынын көрсетеді. Бұл білім бізді маңызды, әрі алыс жерлерді зерттеу мүмкіндігімізді арттыратын жаңа ұшқыш роботтар түріне алып келеді.
We're giants, and we're unaware of things that are too small for us to see. The electron microscope fires electrons which creates images which can magnify things by as much as a million times. This is the egg of a butterfly. And there are unseen creatures living all over your body, including mites that spend their entire lives dwelling on your eyelashes, crawling over your skin at night. Can you guess what this is? Shark skin. A caterpillar's mouth. The eye of a fruit fly. An eggshell. A flea. A snail's tongue. We think we know most of the animal kingdom, but there may be millions of tiny species waiting to be discovered.
Біз - алыппыз және көзімізге көрінбейтін кіп-кішкентай нәрселердің барын білмейміз. Электронды микроскоп заттарды миллион есе үлкейте отырып, суретке түсіретін электрондарды атқылайды. Мынау — көбелектің жұмыртқасы. Денемізде өмір сүретін көзге көрінбейтін жаратылыстар. Соның ішіне кенелер кіреді. Бүкіл өмірін кірпігіңізде өткізіп, түнде теріңізде өрмелеп жүреді. Мынаның не екенін аңғара аласыз ба? Акула терісі. Жұлдызқұрт тұмсығы. Шыбын көзі. Жұмыртқа қабығы. Бүрге. Ұлу тілі. Біз жануарлар әлемінің басым бөлігін білеміз деп ойлаймыз. бірақ ашылуын күтіп тұрған миллиондаған кіп-кішкентай организмдер болуы мүмкін.
A spider also has great secrets, because spiders' silk thread is pound for pound stronger than steel but completely elastic. This journey will take us all the way down to the nano world. The silk is 100 times thinner than human hair. On there is bacteria, and near that bacteria, 10 times smaller, a virus. Inside of that, 10 times smaller, three strands of DNA. And nearing the limit of our most powerful microscopes, single carbon atoms.
Өрмекшінің де ұлы құпиялары бар. Өйткені оның өрмегі болаттан да мықты, оның үстіне бүтіндей созылғыш келеді. Бұл саяхат бізді нано әлеміне алып келеді. Өрмекшінің өрмегі адам шашынан жүз есе жұқа. Өрмектің үстінде бактерия бар, ал оның жанында одан 10 есе кіші вирус бар. Вирустың іщінде одан 10 есе кіші ДНҚ-ның үш жолағы бар. Ең қуатты микроскоптарымыздың көре алатын мүмкіндігінің шегіне жақындай, жалғыз көміртек атомын көреміз.
With the tip of a powerful microscope, we can actually move atoms and begin to create amazing nano devices. Some could one day patrol our body for all kinds of diseases and clean out clogged arteries along the way. Tiny chemical machines of the future can one day, perhaps, repair DNA. We are on the threshold of extraordinary advances, born of our drive to unveil the mysteries of life.
Қуатты микроскоптың көмегімен атомдарды жылжытып, таңғажайып нано құрылғыларын жасауды бастай аламыз. Олардың кейбірі денемізді барлық дерттің түрлерінен күзетіп, бітелген артерияларды тазалай алады. Бәлкім болашақтың кішкентай химиялық машиналары бір күні ДНҚ-ны жөндей алатын шығар. Біз өмірдің жұмбақтарын ашу талпынысымыздан туған ерекше жетістіктердің босағасында тұрмыз.
So under an endless rain of cosmic dust, the air is full of pollen, micro-diamonds and jewels from other planets and supernova explosions. People go about their lives surrounded by the unseeable. Knowing that there's so much around us we can't see forever changes our understanding of the world, and by looking at unseen worlds, we recognize that we exist in the living universe, and this new perspective creates wonder and inspires us to become explorers in our own backyards.
Сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар ағыны әсерінен ауа кеңістігі тозаңдарға, микробриллианттарға, өзге планетадан келген және супернова жұлдыздарының жарылыстарынан туған асылтастарға толуда. Адамдар көрінбейтін жаратылыстардың арасында өмір сүріп жатыр. Айналамызды көзіміз көре алатын көп нәрсенің барын біле отырып, олар әлемді түсіну көзқарасымызды мәңгіге өзгертеді. Көзге көрінбейтін дүниеге қарай отырып, тірі ғаламда бар екенімізді мойындаймыз, бұндай жаңа көзғарас бізді әуестендіріп, өз ауламызда зерттеуші болуға шабыттандырады.
Who knows what awaits to be seen and what new wonders will transform our lives.
Кім біледі, көрінуге талпынып тұрған нелер бар, әрі өмірімізді түрлендірер қандай жаңа кереметтер бар?
We'll just have to see.
Тірі болсақ, көре жатармыз.
(Applause)
(Қол шапалақ)
Thank you.
Рахмет. (Қол шапалақ)
(Applause)