About a year ago, I asked myself a question: "Knowing what I know, why am I not a vegetarian?" After all, I'm one of the green guys: I grew up with hippie parents in a log cabin. I started a site called TreeHugger -- I care about this stuff. I knew that eating a mere hamburger a day can increase my risk of dying by a third. Cruelty: I knew that the 10 billion animals we raise each year for meat are raised in factory farm conditions that we, hypocritically, wouldn't even consider for our own cats, dogs and other pets. Environmentally, meat, amazingly, causes more emissions than all of transportation combined: cars, trains, planes, buses, boats, all of it. And beef production uses 100 times the water that most vegetables do.
Бір жыл бұрын өзіме сұрақ қойдым: "Бәрін білемін, осы неге вегетариан емеспін?" Түптеп келгенде табиғат жанашырымын. Балалық шағым хиппи ата-анаммен ағаштан жасалған үйде өтті. TreeHugger атты экологиялық сайт аштым. Бар жан-тәніммен кірістім. Егер күніне бір гамбургер жесем, өлімге деген қауіп арта түсетінін білемін. Қатігездік. Адамдардың тұтынуы үшін жыл сайын фермаларда 10 миллиард жануар ұстайды және олардың қандай жағдайда екенін білсеңіз ғой, ондай жағдайды тіпті итіңіз бен мысығыңызға да тілемес едіңіз. Бір қызығы, экологиялық тұрғыда ет – көлік, пойыз, ұшақ, кеме, автобус болсын барлық көлік түріне қарағанда, көмірқышқыл газының бөлінуіне көп түрткі болады. Ет өнімдерін алу үшін көкөністерді өсіруге қарағанда су 100 есе көп қолданылады.
I also knew that I'm not alone. We as a society are eating twice as much meat as we did in the 50s. So what was once the special little side treat now is the main, much more regular. So really, any of these angles should have been enough to convince me to go vegetarian. Yet, there I was -- chk, chk, chk -- tucking into a big old steak.
Әрине мен жалғыз емес екенімді білемін. Қазіргі уақытта етті 50-жылдарға қарағанда 2 есе көп тұтынамыз. Яғни, сол кездегі еттен жасалатын арнайы тағамдар, қазір күнделікті тұтынатын тағамға айналды. Шынымен осы жағдайлардан кейін мен вегетариан болуым керек еді. Бірақ мен (тық, тық, тық) етті жей беруді жалғастырдым.
So why was I stalling? I realized that what I was being pitched was a binary solution. It was either you're a meat eater or you're a vegetarian, and I guess I just wasn't quite ready. Imagine your last hamburger. (Laughter) So my common sense, my good intentions, were in conflict with my taste buds. And I'd commit to doing it later, and not surprisingly, later never came. Sound familiar?
Сонда мені не тоқтатты? Алдымда екі таңдау тұрғанын түсіндім, не мынаны, не мынаны. Не етті жеуді жалғастырасың немесе вегетариан боласың. Бірақ мен дайын болмадым. Елестетіңізші, соңғы гамбургеріңіз. Осыдан кейін жемейсіз. (Күлкі) Басымдағы ойлар мен түзу ниетім асқазаныммен текетіреске түсті. Бірақ бұны "кейін" орындайтыныма өзіме сөз бердім. Әлбетте, "кейіннің" мүлде келмейтіні түсінікті. Бәріңізге таныс жағдай ма?
So I wondered, might there be a third solution? And I thought about it, and I came up with one. I've been doing it for the last year, and it's great. It's called weekday veg. The name says it all: Nothing with a face Monday through Friday. On the weekend, your choice. Simple. If you want to take it to the next level, remember, the major culprits in terms of environmental damage and health are red and processed meats. So you want to swap those out with some good, sustainably harvested fish. It's structured, so it ends up being simple to remember, and it's okay to break it here and there. After all, cutting five days a week is cutting 70 percent of your meat intake.
Сосын менде сұрақ туындады, қалайша екі таңдау? Үшінші жолы жоқ па? Көп ойландым. Шешімін таптым. Бұл керемет шешімді қабылдағаныма бір жыл болды. Бұл шешімді "апта ішіндегі вегетариан" деп атадым. Аты айтып тұрғандай, дүйсенбі мен жұма арасы мүлдем ет жемеймін, апта соңы өзіңіз білесіз. Өте оңай. Егер келесі кезеңге өткіңіз келсе, ет өнімдері табиғат пен денсаулықтың қас жауы екенін ұмытпаңыз. Бәрінің орнына өте пайдалы, экологиялық тұрғыда таза балықты ұсынар едім. Ережесі бар, есте сақтау оңай, қалаған уақытта, қалаған жерде бұзсаңыз болады. Нәтижесінде 5 күн ішінде еттің тұтыну мөлшерін 70%-ға азайтасыз.
The program has been great, weekday veg. My footprint's smaller, I'm lessening pollution, I feel better about the animals, I'm even saving money. Best of all, I'm healthier, I know that I'm going to live longer, and I've even lost a little weight.
Апта ішінде вегетариан болған өте қолайлы. Көмірқышқыл газы арқылы қоршаған ортаның ластануын төмендеттім, жануарларға деген көзқарасым дұрыс, ақшамды үнемдедім, ең бастысы денсаулығым түзелді. Ұзақ өмір сүретініме сенемін және аздап салмақ тастадым.
So, please ask yourselves, for your health, for your pocketbook, for the environment, for the animals: What's stopping you from giving weekday veg a shot? After all, if all of us ate half as much meat, it would be like half of us were vegetarians.
Енді, өтініш, денсаулықтарыңыз үшін, ақшалай жағдайларыңыз үшін, табиғат пен жан-жануарлар үшін өзіңізге сұрақ қойыңыз: "Апта іші вегетариан болуға не кедергі?" Осылардан кейін, нәтижесінде етті тұтынуды екі есе азайтсақ, сәйкесінше, жартымыз вегетариан болдық деген сөз.
Thank you.
Рахмет!
(Applause)
(Қол шапалақ!)