In the lush rainforests of Australia, birds roost in the low branches and amble across the forest floor, enjoying the shade and tropical fruits. But the jungle isn’t theirs alone. A dingo is prowling in the shadows, and fruit won’t satisfy his appetite.
Аустралияның жайқалған тропикалық ормандарында құстар төменгі бұтақтарға қонып және орман түбін кезіп, көлеңке мен тропикалық жемістерден ләззат алып жүр. Бірақ бұл джунгли тек олардікі емес. Көлеңке арасынан динго аңдуда және ол құр жемістерге тоймайтын секілді.
The birds flee to safety all but the cassowary, who can’t clear the ground on her puny wings. Instead, she attacks, sending the dingo running for cover with one swipe of her razor-sharp toe claws.
Қауіпті сезіп, құстар ұшып кетеді. Бірақ казуар ғана жұқа қанаттарымен жерден ұшып кете алмайды. Оның орнына, ол дингоға шабуыл жасап, ұстарадай өткір тырнақтарын сермеп үркітіп жібереді.
The cassowary is one of approximately 60 living species of flightless birds. These earthbound avians live all over the world, from the Australian outback to the African savanna to Antarctic shores. They include some species of duck and all species of penguin, secretive swamp dwellers and speedy ostriches, giant emus, and tiny kiwis.
Касуар – ұшуға қабілетсіз құстардың 60-қа жуық тірі түрінің бірі. Бұл жеркезер құстар жерде кең таралған. Аустралияның түпкірінен бастап Африканың саваннасы мен Антарктида жағалауына дейін. Олардың арасында үйректердің кейбір түрлері және пингвиндердің барлық түрі, жасырын батпақ тұрғындары, шапшаң түйеқұстар, алып эмулар мен кішкентай кивилер бар.
Though the common ancestor of all modern birds could fly, many different bird species have independently lost their flight. Flight can have incredible benefits, especially for escaping predators, hunting, and traveling long distances. But it also has high costs: it consumes huge amounts of energy and limits body size and weight. A bird that doesn’t fly conserves energy, so it may be able to survive on a scarcer or less nutrient-rich food source than one that flies. The Takahe of New Zealand, for example, lives almost entirely on the soft base of alpine grasses. For birds that nest or feed on the ground, this predisposition to flightlessness can be even stronger.
Қазіргі құстардың ортақ аталарының барлығы ұша алғанымен құстардың көптеген түрлері өз бетінше ұшу қабілетін жоғалтты. Ұшу жыртқыштардан қашу, аң аулау және ұзақ қашықтыққа саяхаттау үшін керемет артықтышылықтарға ие болуы мүмкін. Бірақ оның құны да жоғары: ол энергияның үлкен мөлшерін тұтынады және құстың дене өлшемі мен салмағын шектейді. Ұшпайтын құс энергиясын үнемдейді, сондықтан ұшатын құстарға қарағанда азық-түлік шектеулі және жеткіліксіз жағдайларда өмір сүруге көмектеседі. Мысалы, Жаңа Зеландиялық такахе негізінен Альпі етегіндегі шөптердің арасында өмір сүреді. Жерде ұя салатын немесе қоректенетін құстардың ұшуға бейімділігі одан да төмен. Құстардың кейбір түрлері
When a bird species doesn’t face specific pressures to fly, it can stop flying in as quickly as a few generations. Then, over thousands or millions of years, the birds’ bodies change to match this new behavior. Their bones, once hollow to minimize weight, become dense. Their sturdy feathers turn to fluff. Their wings shrink, and in some cases disappear entirely. And the keel-like protrusion on their sternums, where the flight muscles attach, shrinks or disappears, except in penguins, who repurpose their flight muscles and keels for swimming.
ұшу қажеттілігін кездестірмесе, бірнеше ұрпақтан кейін ұшуды мүлдем тоқтатады. Кейін мыңдаған я миллиондаған жылдар бойы құстардың денесі жаңа ортаға сәйкес өзгереді. Кезінде ұшуды жеңілдететін бос сүйектері қатая түседі. Берік қауырсындары мамыққа айналады. Қанаттары кішірейіп, кейбір жағдайларда мүлдем жоғалады. Ұшуға арналған бұлшық еттері бекінетін төс сүйегіндегі киль тәрізді шығыңқы бөлігі кішірейеді немесе жоғалады. Бірақ пингвиндерде емес. Олар ұшу бұлшық еттері мен кильдерін жүзуге бейімдеген.
Most often, flightlessness evolves after a bird species flies to an island where there are no predators. As long as these predator-free circumstances last, the birds thrive, but they are vulnerable to changes in their environment. For instance, human settlers bring dogs, cats, and stowaway rodents to islands. These animals often prey on flightless birds and can drive them to extinction. In New Zealand, stoats introduced by European settlers have threatened many native species of flightless bird. Some have gone extinct while others are endangered. So in spite of the energy-saving advantages of flightlessness, many flightless bird species have only a short run before going the way of the dodo.
Көбінесе құстар ұшу қабілетін жыртқышсыз арал түрлеріне ұшып келгеннен кейін жоғалтады. Жыртқыштар жоқ кезде құстар көбейіп, өсіп-өнеді. Бірақ қоршаған орта өзгерген жағдайда құстардың бұл түрі осал болады. Мысалы, қоныстанушылар өздерімен бірге иттерді, мысықтарды және қашып жүрген кеміргіштерді әкеледі. Бұл жануарлар көбіне ұшпайтын құстарды қорек етіп, олардың жойылу қаупін арттырады. Ақкістер, Жаңа Зеландияға еуропалық қоныстанушылармен әкелінген жануар, көптеген жергілікті түрлерге қауіп төндірді. Кейбір түрлері жойылып кетсе, басқалары жойылу қаупінде. Құстарға ұшпаудың энергия үнемдейтін артықшылығын санамасақ, алдағы уақытта оларды додоның тағдырындай жол күтуі әбден мүмкін.
But a few flightless birds have survived on mainlands alongside predators aplenty. Unlike most small flightless species that come and go quickly, these giants have been flightless for tens of millions of years. Their ancestors appeared around the same time as the first small mammals, and they were probably able to survive because they were evolving— and growing—at the same time as their mammalian predators. Most of these birds, like emus and ostriches, ballooned in size, weighing hundreds of pounds more than wings can lift. Their legs grew thick, their feet sturdy, and newly developed thigh muscles turned them into formidable runners.
Бірақ ұша алмайтын құс түрлерінің арасында жыртқыштармен қатар аман қалғандар да бар. Тез пайда болып, тез жойылатын ұсақ түрлерге қарағанда, бұл алыптардың ұшпағанына ондаған миллион жылдар өтті. Олардың арғы тектері алғашқы ұсақ сүтқоректілермен бір мезгілде пайда болып, жыртқыштармен бір уақытта дамып, өсіп келе жатқандықтан аман қалуы мүмкін. Бұл құстардың көпшілігі, атап айтқанда, эмус пен түйеқұстың көлемі шар тәріздес. Ал қанаттары өз салмағын көтермей, салмақтары жүз фунттан асқан. Олардың аяқтары қалыңдап, табандары қатаяды. жаңадан дамыған жамбас бұлшықеттері оларды жүйрік етеді.
Though they no longer use them to fly, many of these birds repurpose their wings for other means. They can be spotted tucking their heads beneath them for warmth, flashing them at prospective mates, sheltering eggs with them, or even using them to steer as they charge across the plains. They may be flightless, but they’re still winging it.
Қанаттарын енді ұшу үшін пайдаланбаса да олардың көбі оның қолданысын өзгертті. Олар оған бастарын салып, “сүйіктілеріне” жарқыратып, жұмыртқаларын басып, тіпті оларды жазық жүру үшін пайдаланғанын байқауға болады. Олар ұша алмаса да, әлі де қанаттарын қағады.