This is the story of three plastic bottles, empty and discarded. Their journeys are about to diverge with outcomes that impact nothing less than the fate of the planet. But they weren't always this way. To understand where these bottles end up, we must first explore their origins.
Бұл – үш пластик бөтелкенің оқиғасы: үшеуі де бос әрі қоқысқа тасталған. Олардың сапары түрлі болмақ, сапар нәтижесі басқа-басқа емес, планета тағдырына әсер етіп жатыр. Бірақ олар үнемі осындай болмаған еді. Бөтелкелердің қайда баратынын түсіну үшін алдымен олардың қайдан шығатынын көрейік.
The heroes of our story were conceived in this oil refinery. The plastic in their bodies was formed by chemically bonding oil and gas molecules together to make monomers. In turn, these monomers were bonded into long polymer chains to make plastic in the form of millions of pellets. Those were melted at manufacturing plants and reformed in molds to create the resilient material that makes up the triplets' bodies. Machines filled the bottles with sweet bubbily liquid and they were then wrapped, shipped, bought, opened, consumed and unceremoniously discarded. And now here they lie, poised at the edge of the unknown.
Оқиғамыздың кейіпкерлері осы мұнай зауытында “құрсаққа түседі“. Олардың денесіндегі пластик мұнай мен газ молекулаларының химиялық жолмен байланысы арқылы жасалып, кейін олар мономерлерді түзеді. Ал бұл мономерлер өзара байланысып, ұзын полимер тізбегіне айналады да, миллион тығын түріндегі пластик түзеді. Бұларды өндіру зауыттарында балқытады да, қалыпқа салып, қайта құрастырып, төзімді материал жасайды, осылайша бөтелкелердің корпусы түзіледі. Аппараттар бөтелкелерді тәтті газды сусындармен толтырады. Кейін олар қапталып, тасымалданады да, адамдар оларды сатып алып, ашып, тұтынады. Пайдаланып болған соң, оларды қалай болса солай лақтыра салады. Содан осылай жатады. Қайда баратыны белгісіз.
Bottle one, like hundreds of millions of tons of his plastic brethren, ends up in a landfill. This huge dump expands each day as more trash comes in and continues to take up space. As plastics sit there being compressed amongst layers of other junk, rainwater flows through the waste and absorbs the water-soluble compounds it contains, and some of those are highly toxic. Together, they create a harmful stew called leachate, which can move into groundwater, soil and streams, poisoning ecosystems and harming wildlife. It can take bottle one an agonizing 1,000 years to decompose.
Бірінші бөтелке өзінің жүз миллиондаған бауыры секілді қоқыс полигонынан бір шығады. Үсті-үстіне қоқыс келіп, орын алған сайын, бұл алып қоқыс үйіндісі күн сайын ұлғая береді. Пластик заттар басқа қоқыспен бірге қысылып жата берген сайын, жаңбыр суы олардың бойымен ағып, пластик құрамындағы суда еритін бөлшектерді сорып алады. Бұл бөлшектердің кейбірі улы. Сумен қосылғанда олар ағын су деп аталатын өте зиянды қоспа түзеді. Кейін жер асты суына, топыраққа және бұлақтарға түскенде, олар экожүйені улап, табиғатты бүлдіруі мүмкін. Бір бөтелкенің ыдырауына бақандай 1000 жылдай уақыт кетеді.
Bottle two's journey is stranger but, unfortunately, no happier. He floats on a trickle that reaches a stream, a stream that flows into a river, and a river that reaches the ocean. After months lost at sea, he's slowly drawn into a massive vortex, where trash accumulates, a place known as the Great Pacific Garbage Patch. Here the ocean's currents have trapped millions of pieces of plastic debris. This is one of five plastic-filled gyres in the world's seas. Places where the pollutants turn the water into a cloudy plastic soup. Some animals, like seabirds, get entangled in the mess. They, and others, mistake the brightly colored plastic bits for food. Plastic makes them feel full when they're not, so they starve to death and pass the toxins from the plastic up the food chain. For example, it's eaten by lanternfish, the lanternfish are eaten by squid, the squid are eaten by tuna, and the tuna are eaten by us. And most plastics don't biodegrade, which means they're destined to break down into smaller and smaller pieces called micro plastics, which might rotate in the sea eternally.
Екінші бөтелкенің сапары бұдан да оғаш, бірақ, өкінішке қарай, жағымдырақ емес. Ол кішкентай арық бетінде қалқып, ағыс суға жетеді, одан әрі ол өзенге ағады, одан кейін мұхитқа түседі. Бірнеше ай адасып жүріп, бірте-бірте қоқыс жиналған алып су иіріміне тартылады. Ол жер Тынық мұхиттағы үлкен қоқыс ізі деп аталады. Онда мұхит ағыстары ұстап қалған миллиондаған пластик үйінді жиналған. Бұл – дүние жүзі теңіздеріндегі пластикке толы бес иірімнің бірі. Бұл жерде ластағыш заттар суды бұлтты пластик сорпаға айналдырады. Теңіз құсы сияқты кейбір мақұлықтар осы үйіндінің арасында батып қалып жатады. Осы сияқты басқа да жануарлар түрлі түсті пластикті тамақ деп ойлап, жеп қояды. Сол кезде олар өздерін тойдым деп ойлайды, ал шындығында олай емес. Содан олар аштан өледі де, пластиктен пайда болған токсиндерді қорек тізбегінен жоғары қарай тасиды. Мысалы, жарқырайтын анчоус пластик жеп қойды делік. Оны кейін кальмар жеп қояды, кальмарды тунец жейді, ал оны кейін біз жейміз. Пластиктің көбі табиғи жолмен ыдырамайды, оның орнына олар бірнеше сатылап, микропластик деп аталатын ұсақ бөлшектерге дейін бөлінеді. Ал олар теңізде мәңгі айналып жүре береді.
But bottle three is spared the cruel purgatories of his brothers. A truck brings him to a plant where he and his companions are squeezed flat and compressed into a block. Okay, this sounds pretty bad, too, but hang in there. It gets better. The blocks are shredded into tiny pieces, which are washed and melted, so they become the raw materials that can be used again. As if by magic, bottle three is now ready to be reborn as something completely new.
Үшінші бөтелкеміз, қуанышқа орай, бауырлары көрген тозақты көрмейді. Жүк көлігі оны зауытқа әкеледі. Ол жерде басқа серіктерімен бірге оны басып, тегістейді де, блок қалпына дейін қысып тастайды. Әрине, бұл да жаман нәрсе сияқты естіледі, алайда сәл күте тұрыңыз. Алда бәрі жақсы болады. Блоктар ұсақ кесектерге үгітіледі де, жуылып, балқытылады. Содан олар қайтадан қолдануға болатын шикізат болып шыға келеді. Құдды бір ғажап секілді, үшінші бөтелке мүлде басқа түрде қайтадан дүниеге келді.
For this bit of plastic with such humble origins, suddenly the sky is the limit.
Шыққан тегі қарапайым болса да, осы бір кішкентай пластик үшін мүмкін емес нәрсе жоқ болып шыға келді.